Қазақстан шетелдік компаниямен бірлесіп, жаңа байланыс жерсерігін құрастыратын болды. «KazSat-2R» деп аталатын жаңа жерсерігі 2024 жылы ұшырылып, ғарыштағы «KazSat-2» жерсерігін алмастыруы тиіс. Ол 2011 жылдың желтоқсанында ұшырылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Біздің бұл жоба бойынша шетелдік серіктесіміз бар. «KazSat-2R» Нұр-Сұлтандағы ғарыш аппараттарын құрастыру әрі сынақтан өткізу кешенінде жасалады. Ендігі уақытта біз осындай аппараттардың жобалау мен сынақтан өткізу жұмыстарын 55 пайызға дейін өзімізде жасасақ дейміз. Оған қоса, осындай ғарыш аппараттары бөлшектерінің 10 пайызын өзімізде жасауды көздеп отырмыз», - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Қазақстан жаңа байланыс жерсерігін жасауға 40 миллиард теңге жұмсайын деп отыр. Жоспар бойынша, ол 2023 жылы ұшырылып, «KazSat-2»-ні алмастыруы тиіс.
Тағы оқи отырыңыз: «Қазақстан Ғарыш Сапары» басшысы ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Қазақстанның жерсерік ұшыруда біраз шығынға батқаны белгілі. Бұған дейін ұшырылған «Қазсат-1» тек үш жыл жұмыс істесе, одан кейінгі «Қазсат-2» бір жылға жетпей істен шыққан болатын.