15.06.2020, 21:54

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.

Алматы қаласында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10: 00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істейді.

Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.

Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.

Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.

Еске салайық, бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты бірқатар облыста карантин шаралары күшейтілген болатын.

Тегтер: карантин