$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбедегі бес жұмысшының өліміне қатысты тексеру қорытындысы шықты

Кәсіпорын тарапынан оларға жалпы сомасы 23 миллион көлемінде көмек жасалған.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Ақтөбедегі хром қосындылары зауытындағы бес жұмысшының өліміне қатысты тексеру қорытындысы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

 Комиссия мүшелері "қателіктің сексен пайызы зауыт басшыларынан кеткен" деп отыр. 

"Жұмыс берушінің басты кінәсі - өндірістегі қауіпсіздік ережелерін бұзған, әрі ұйымдастыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Комиссия мүшелері зардап шеккендердің, қаза тапқан жұмысшылардың туыстарымен кездесіп, қандай әлеуметтік көмек тиесілі екенін айтып түсіндірді. Кәсіпорын тарапынан оларға жалпы сомасы 23 миллион көлемінде көмек жасалған", - деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Қуаныш Қамиев.

Тағы оқи отырыңыз: Ақтөбедегі жазатайым оқиғаның салдарынан қаза болғандардың саны 5-ке жетті

Осыдан үш апта бұрын зауыттағы №4 цехта елу текше метрлік бөшкені тазарту кезінде ыстық бу ұрып, төрт жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сол жердегі екі адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Солардың бірінің денесінің түгі қалмай күйіпті. Ол ақыры ауруханада есін жимаған күйі жан тапсырған. Қазір аман қалған жалғыз жұмысшы ем алып жатыр. Дәрігерлер оны екі ай бойы орнынан қозғамаймыз дейді. Хром қосындылары зауытындағы осы қайғылы оқиғаға байланысты цехтың үш бастығы қамауға алынған болатын. Оларға жұмысына салғырт қарады деген айып тағылып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары