$ 447.4  477.55  4.76

«Просто для статистики для галочки»: коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды (ВИДЕО)

Бұл - бас санитардың қаулысымен жасалды деп түсіндірді.

Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсімдерінің дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Атырауда бүгін коронавирустан тағы үш адам көз жұмды. Үшеуі де Жылыой ауданының тұрғындары. Марқұмның жақындары мәйіттерді зираттардың қасына көму туралы шешімдері де күдік ұялатқан.

"Жалпы территорияға жерлеп жатыр. Олай ететін болса күмән туып тұр. Онда мына кісі ковидтен қайтыс болған жоқ. Ол онда просто для статистики для галочки. Жазып алды. Ковидтен өлді деп бізге айтты и бізге жіберіп тұр. Келдік. Не имам жоқ. Не санитарный дәрігер жоқ. Жерлейтін адам да жоқ", - дейді марқұмның туысы.

Облыстық ішкі саясат басқармасы болса, індет құрбандарына арнайы жер, жалпы қорымдардың шет жақтарынан бөлінгенін айтты Бұл - бас санитардың қаулысымен жасалды деп түсіндірді. Аудандарда да зираттардың шет жағынан орындар әзірленіпті. Түсіндірме жұмыстарынан соң марқұмдардың бірінің туыстары қала маңында жерлеуге келісім берсе, екіншісі туған жері - Жылыой ауданына мәйітті алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары