Жаңалықтар 17.06.2020 сағат 06:35

«Сарғайып, жыртылып кеткен»: жедел жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлер шу шығарды (ВИДЕО)

Карантин кезінде жағдай жасалмағанын да жайып салды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлер шу шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қосалқы станцияда жұмыс істейтіндер үш айға төленуі тиіс ақша толық берілмеді деп отыр. Тағайындалған 425 мың теңге айлық үстеме ақыны екі ай алған олар, үшіншісінде қолына болар-болмас қаражат тигеніне наразы.

Карантин кезінде жағдай жасалмағанын да жайып салды. Ал құзырлы орындар мәселені «қайта қараймыз» деп уәде берген. Жедел жәрдемдегілердің жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Мекеме алдына жиналған 50-ден аса қызметкердің өкпесі қара қазандай. Өйткені екінші санатты жедел жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлерге карантин кезінде ай сайын 425 мың теңгеден беріледі деп уәде етіліпті. Алайда ақ халаттылар «алғашқы айын бөліп-бөліп берген басшылық, соңғы айды мүлдем жарытпады» деп ашынуда.

Төтенше жағдай кезінде қосалқы станция қызметкерлері де күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Тіпті демалыссыз қызмет атқарған кездері де кездесіпті. Алайда «еңбегіміз ақталмады» деген олар тиесілі ақшасын талап етуде.

"Бізде 20 бригада бар. Шақыртуды таңдай алмаймыз. Қайда шақырса, сонда барамыз кезек бойынша. Ол жақта не болады, біз білмейміз, коронавирус пе, коронавирус емес пе", - деді  жедел жәрдем дәрігері Дилшат Юсупов.

Осылайша ақ халаттылар ақша ала алмағанын былай қойып, карантин кезінде жағдайы жасалмағанын да жайып салды. Айтуларынша, басшылық қауіпті орында жұмыс істейтін оларды қорғаныш заттарымен толық қамтамасыз етпеген.

"Карантин кезінде формалар берілді, бірақ жеткіліксіз. Форманың өзін 5-6 шақыртуға киеміз. Ал негізі олай киюге болмайды.Ол дымқыл, су күйінше киіп барамыз, тіпті кептірмей. Мысалы, мені шақыртса, қасымдағы фельдшер қалып қалады немесе мен қаламын, себебі, форма жетпейді. Қазір форманың түрін қараңыз, сарғайып, жыртылып кеткен", - дейді жедел жәрдем қызметкері Бағлан Молдақынова.

Арызын айтуға жиналғандардың жанына жауапты мамандар да келді. Олар бұған дейін бәріне бірдей берілген қаражат үшінші айда «сағатына қарай бөлінді» дейді. Сондай-ақ, шақыртулардың азаюына байланысты үлестіріліпті. Нақты статистикалық мәлімет жасау үшін бүгінге дейін қанша шақыртуға барған табелі болса, ақшасының үстінен сонша төлейтінін айтады.

Тағы оқи отырыңыз:

«Мерекеде берілген сыйақыны мекеме басшылығы қайта сыпырып алады» - жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері

"Алматы қаласы бойынша сәуір айында 15 700 қоңырау келіп түскен болса, мамыр айында ол көрсеткіш 1,2 пайызға төмендеп, 12 600-ге жетті. Ал маусым айын жеке қарастыратын боламыз. Қазір қарсы болғандардың сағатын қайта есептейміз де, комиссия мүшелеріне өткіземіз. Егер есеп сай келсе, ақша төленеді", - деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева.

Негізінен медицина қызметкерлеріне қауіптілігі аса жоғары, жоғары, орташа деген үш топ бойынша үстеме ақы төленеді. Ал шағымданған қызметкерлер бұл санаттың екінші және үшіншісіне кіреді екен. Осылайша жауаптылар әріптестерінің шағымын қайта тексеріп, арадағы кикілжінді шешуге уәде етті.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар