Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 100 адамға жетті. 18 маусым таңғы 10:00-гі жағдай бойынша елордада тағы үш науқас қайтыс болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көз жұмған науқастардың бірі – 1963 жылы дүниеге келген ер азамат және 1952, 1946 жылы дүниеге келген әйелдер.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген coronavirus2020.kz порталында.