18.06.2020, 15:20

Тоқаев коронавирус жұқтырған Елбасының сауығып кетуін тіледі

Фото: Ақорда сайтынан
Ол рухы мықты адам.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен Елбасыға сауығып кетуін тіледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасына.