Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі", - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.