$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус вице-премьерден де анықталды

Енді тезірек сауығып, ортаға оралу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов симптомсыз короновирус жұқтырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Коронавирусқа тапсырған тестің оң нәтиже бергенін ол Facebook-парақшасында мәлімдеді.

"Маған да оқшаулануға тура келді. Инфекцияны жұқтырып алмауға қанша тырыссам да одан пайда болмады. Менен симптомы жоқ коронавирус инфекциясы анықталды. Енді тезірек сауығып, ортаға оралу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын. Мен азаматтардан қауіпсіздік шараларын ұстануды: маска киюді, антисептикті қолдануды, қолды үнемі сабындап жуып, гигиена ережелерін сақтауды сұраймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - делінген жазбада.

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев және шенеуніктер арасынан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус