ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті. Оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.
"Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады, ол – саланың инерттілігіне байланысты", – делінген ҚР ЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады.
Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.