$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Байқоңырда алғашқы адам қайтыс болды

18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған.

Байқоңыр қаласында коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Ресейлік "Байқоңыр" ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны - 56; ауруханадан шыққандар саны - 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ. 

18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус