$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін күн тұтылады

Елорда тұрғындары күннің тұтылуын 21 маусым сағат 11:30 кезінен бастап тамашалай алады. Әрі ол 13:42-ге дейін жалғасады.
фото: ukranews.com
фото: ukranews.com

Жексенбі күні яғни бүгін күн тұтылады. Айқын сайтының жазуынша, табиғаттың бұл ерекше құбылысын Қазақстан, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінің тұрғындары тамашалай алады.

«Бұл астрономиялық құбылыс, яғни күннің шеңберленіп тұтылуы Ай Жерден барынша алыстап, өзінің эллиптикалық орбитасында тұрғанда болады. Сондықтан ол күннің жиегін толық жаппайды», - деп хабарлайды v-kosmose.com ресурсы.

Мамандардың сөзіне сенсек, елорда тұрғындары күннің тұтылуын 21 маусым күні сағат 11:30 кезінен бастап тамашалай алады. Әрі ол 13:42-ге дейін жалғасады. Бұл құбылыс шамамен сағат 12:35 кезінде анық көрінеді.

Алматыда күннің тұтылуын 11:16-дан бастап 14:06-ға дейін тамашалауға болады. «Әсіресе 12:40 шамасында анықтап қарауға кеңес береміз. Мамандардың айтуынша, бұл Күннің 2020 жылғы ең қысқа және ең анық шеңберленіп тұтылуы болмақ. Олар мұндай астрономиялық құбылысты арнайы күн фильтрін қолдана отырып тамашалау керектігін айтады», - деп жазады Айқын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары