$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Биылғы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде - 131 755 өтініш қабылданған.
фото: ашық дерек көзі
фото: ашық дерек көзі

21 маусым мен 5 шілде күндері Қазақстанның барлық мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы тестілеудің ерекшелігі - санитарлық талаптардың күшейтілуі болмақ. Ғимаратқа кірерде тест тапсырушылар арасында екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау мен маскалы режим жүзеге асырылады. Талапкерлер дезинфекциялаудың 5 түрлі кезеңінен өтеді. ҰБТ өткізілетін барлық орындар тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі.

Биылғы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде - 131 755 өтініш қабылданған.

Алғашқы күні ҰБТ-ны 6,5 мың адам тапсырады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам ғана болады. Осылайша, аудитория тек 35% дейін толтырылады. ҰБТ тапсыру үшін түлектерден ПТР-тестілеуден өткені туралы еш анықтама талап етілмейді. Талапкерлер тек маска тағып келуі тиіс.

Тағы оқи отырыңызы:

«Абылай ханның атының неше тісі бар?»: ҰБТ-да жиі қойылатын сұрақтың авторы табылды

Сонымен бірге, ҰБТ өткізетін әр пунктте кезекші аудитория болады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар сол кабинетте, жалпы аудиториядан бөлек тест тапсыра алады.

Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібі бұрынғы форматта қалды. Бұдан былай талапкерлерге калькулятор берілетін болады. Сонымен қатар тестілеу уақыты да біршама ұзартылды. Ата-аналар мен түлектердің сұрауымен тестілеу уақыты тағы 10 минутқа ұзарып, ҰБТ 4 сағат өтетін болды. Ғимаратқа кіргізу барысында және аудиторияда тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады.

Карантин шараларына байланысты тағы бір ескерер жайт, ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар ҰБТ өту барысын үйінде отырып, онлайн көре алады. Бұл үшін әрбір аудиториядан трансляция қамтамасыз етіледі. Тест тапсыру өтетін ғимарат аумағын құқық қорғау органдары күзетеді. Осы орайда, онлайн көрсетілім сілтемелері мен ресурстар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әрі әлеуметтік желілерде жарияланатына уәде етілген болатын.

Барлық бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда, яғни көшіру немесе басқа да әрекеттер байқалса, тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін.

ҰБТ-дан кейін білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде білім алу бағытында ұлттық жоғары оқу орындарына кемінде 65 балл, ал басқа жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарына кемінде 50 балл жинау керек.

Оған қоса, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім салалары бойынша кемінде 60 балл, «Педагогика ғылымдары» саласы бойынша кемінде 70 балл болуы тиіс. Ал «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласына кем дегенде 65 балл қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ #оқушы