21.06.2020, 13:08

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

фото: ашық дерек көзі
Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Еліміздегі барша медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деп жазды президент Twitter парақшасында.