$ 494.87  520.65  4.91

«Жағдай шиеленісіп кетті»: Атырауда коронавирус жұқтырған науқастар ауруханаға сыймай жатыр

Медицина қызметкерлеріне ауыр жүк артылып отыр.
фото: ашық дерек көзі
фото: ашық дерек көзі

Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны көбеюде. Осыған байланысты аймақта ауруханаларда науқастарға арналған төсек-орын жетіспеушілігі байқалуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, өңірде тәулігіне 20-30 науқас инфекциялық және провизорлық стационарға жіберілген. 

№2 Атырау облыстық ауруханасында науқастарға 180 кереует қарастырылған, ал, қазіргі уақытта мұнда 200-ге жуық науқас бар. Орын жетіспеушілігінен туындаған мәселелерді шешу үшін Махамбет ауданының туберкулез ауруханасында 100 орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Бүгіннен бастап аталмыш бөлімге ауруы жеңіл ағымда өтіп жатқан шамамен 15-20 науқас жіберілетін болады. 

"Жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуде. Қазіргі жағдай шиеленісіп кетті. Осыған қарамастан, медицина қызметкерлері барлық науқастардың жағдайын қадағалап, ем жүргізіп жатыр. Келіп түскендердің арасында жағдайы ауыр хәлдегі азаматтар да бар. Біз оларды реанимация бөлімшелеріне және инфекциялық стационарға жібереміз. Барлық дәрігерлер әдеттегідей жұмыс істейді. Медицина қызметкерлеріне ауыр жүк артылып отыр. Қазіргі уақытта орын жетіспеушілігі мәселесі де шешімін табуда.

Сонымен қатар, аудандарды дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде проблемалар туындамайтындығын айта кеткен жөн. Олар жеткілікті мөлшерде қол жетімді. Мен облыс тұрғындарын отбасын және өзін індеттен қорғап, қоғамдық орындарға барудан аулақ болуға шақырамын. Медициналық маска киіп, қолдарыңызды үнемі жуып жүріңіздер. Өйткені, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы кез-келген адамға байланысты", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, облыс орталығында COVID-19 диагнозын диагностикалау үшін «Ұлттық сараптама орталығы», «Олимп» және Спидцентр зертханасы жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары