Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты облыстың баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-парақшасында мәлімдеді.
"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Өкінішке қарай, коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы ПЦР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Коронавирус симптомдары байқалмайды", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, енді Амандық Баталов оқшауланып, ем алып, қашықтан жұмыс істейді.