22.06.2020, 15:00

Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды

фото: inform.kz
Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық.

 Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.  

 Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз.  Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады", - делінген ҰОК-нің хабарламасында..  

Естеріңізге сала кетейік, Тимур Құлыбаев - қазақстандағы танымал кәсіпкер. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.