Жаңалықтар 22.06.2020 сағат 20:21

Облыс әкімдері Мемлекет басшысына коронавирустың таралуына қатысты есеп берді

Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор екенін атап өтті.
Облыс әкімдері Мемлекет басшысына коронавирустың таралуына қатысты есеп берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысына премьер-министр Асқар Мамин, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдері коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал туралы есеп берді, деп мәлімдеді Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Президент үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор екенін атап өтті. Үкімет пен әкімдер халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңызды екенін түсіндіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуі керектігін айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттілігін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанда пандемия басталғалы 17 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. 9 мыңнан астам тұрғын жазылып шықты. 120 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар