$ 498.34  519.72  4.85

«Басқа дерттері себеп болды»: Қазақстанда коронавирустан 127 адам көз жұмды

Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 маусымдағы мәліметіне сай, елде тағы 7 адам қайтыс болды.

Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.

Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне "коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды" дейді.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус