Түркістан қалалық соты студенттерге жемқорлықтың қасіреті туралы лекция оқып жүрген облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Рахымбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Әшірбек Рахымбев ірі көлемде пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
КТК арнасының мәліметінше, 61 жастағы судьяға былтыр қыркүйек айында бір танысы хабарласып, қарақшылық бойынша сотталғалы жатқан туысына көмектесуін өтінеді. Парақор болмаңдар деп шәкірт тәрбиелеп жүрген судья қызметі үшін 4 миллион теңге сұраған.
Кейіннен өз қызметін 3 миллионға дейін түсірген кезде бірден келіскен танысы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсіреді. Параны өз пәтерінде санап алып жатқан Әшірбек Рахымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп ұстаған.
Сонымен қатар, 4 жылға сотталған экс-судья өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан да айрылып отыр.