$ 444.22  476.38  4.82

Көңілдесінің танысын өлтіріп, денесін дәретханаға тастаған азамат 14 жылға сотталды (ВИДЕО)

Айыпталушы былтыр қарашада сүйіктісінің қасынан бейтаныс жігітті көріп, ашуға мінген.

Көңілдесінің танысын пышақтап өлтіріп, мәйітін дәретханаға лақтырып тастаған оралдық 14 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Айыпталушы былтыр қарашада сүйіктісінің қасынан бейтаныс жігітті көріп, ашуға мінген. Өзін-өзі өзін-өзі ұстай алмай, жігітке жұдырығын ала жүгіріпті. Бұл аздай, пышақ сермеген. Жарақаты ауыр болған жігіт көз жұмды. Кейін мәйітті дәретханаға лақтырып тастаған. Оның қалтасын тінтіп, ұялы телефонын олжалапты.

"Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық Кодекстің адам өлтіру және ұрлық бабымен айыпты деп танып, 14 жылға түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның іс-әрекетінде қауіпті рецидив танылғандықтан, жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", - дейді БҚО облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Қанатбаева Нұргүл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары