$ 448.15  483.46  4.86

Түркістан облысында бірнеше азық-түлік дүкені өртенді (ФОТО)

Өрттің шығу себебі анықталуда.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік бутиктері өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен», - делінген комитет хабарламасында. Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобы жалпы саны 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары