$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз президенті екі көмекшісінің «кесірінен» Жеңіс шеруіне қатыса алмай қалды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусым таңертең жарияланған видеода Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінген.
фото: knews.kg
фото: knews.kg

Ресейге барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің екі көмекшісінен коронавирус табылып, қырғыз басшысы Жеңіс шеруіне қатыса алмай қалды. Бұл туралы Centralasian.org, Азаттықтың Қырғыз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

"Алгоритмге сәйкес, президент Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартты. Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов және күзет қызметінің өкілінен ауру анықталды" делінген президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусым таңертең жарияланған видеода Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінген. Бірақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен көпшілік алдында қол алысып, амандасқан мемлекет басшыларының арасында болмаған.

Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад Мәскеуде Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 1-де басталған. Оған қатысып жатқан мемлекет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Бұған дейін көптеген елдер эпидемиологиялық ахуалға байланысты парадқа қатысудан бас тартқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары