28.06.2020, 04:50

Коронавируспен күрес: Байқоңырға ресейлік дәрігерлер келді

Фото: Роскосмос
Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шаралары күшейтілген.

"Роскосмос" корпорациясының арнайы борты COVID-19-бен күресу үшін Байқоңырға келді, оның ішінде ресейлік федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің мамандары бар деп хабарлайды Skifnnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Осы рейспен жасанды тыныс алу аппараттары, екі мың жеке қорғаныс құралының жиынтығы мен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді.

"Роскосмос"  мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің федералдық медициналық-биологиялық агенттігі "Байқоңыр" кешенінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр", - делінген хабарламада. "Байқоңыр" кешенінде медициналық қызметті агентікке қарасты № 1 орталық медициналық-санитарлық бөлім көрсетеді.

"Медициналық ұйым жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық техникамен толыққанды қамтамсыз етілген. Сондай-ақ кадрлық құрам күшейтілді. Қазіргі уақытта орталық медициналық-санитарлық бөлімде алты инфекционист және сегіз анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шараларының күшейтілгені хабарланған еді.

26 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық стационарда 60 адам емделіп жатыр, 28 пациент сауығып шыққан.