Қазақстанда коронавирус жұқтырған 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысында - 1939 жылы туған ер адам және 1943, 1960 жылдары дүниеге келген әйел адамдар, Түркістан облысында - 1949 жылы туған ер адам, Шығыс Қазақстан облысы - 1963 жылы дүниеге келген ер адам қайтыс болды.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 178 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 61
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 14
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 1
Атырау облысы – 6
Шығыс Қазақстан облысы – 3
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 13
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Түркістан облысы – 9