Егер дүниежүзінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра мәлімдеді, – деп хабарлайды CNN.
Дәрігер қазіргі пандемияны ХХ ғасырдың басында «испан тұмауымен» салыстырып, коронавирустың жаһандық ауқымда тарауы «ДДҰ-да болжағандай өршіп келе жатқанын» атап өтті.
«Испан тұмауымен» салыстырғанда COVID-19 екеуі бірдей болып тұр. Жазда ол сәл азайды да қыркүйек, қазанда өрши бастады. Нәтижесінде екінші толқын кезінде 50 миллион адам қайтыс болған. Пандемия біз болжағандай болып жатыр», – дейді дәрігер.
Дереккөз: Nege.kz