29.06.2020, 04:33

АҚШ-та шеру кезінде бір адам қаза болды

Фото: 24.kz
Луисвиллдегі шеру наурыздың 13-де Брионна Тейлор есімді афроамерикалықтың өліміне байланысты ұйымдастырылды.

Америка Құрама Штаттарын коронавирус әбігерге салса, енді жаппай тәртіпсіздік тұрғындар мен биліктің мазасын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Луисвилл қаласында полицияның күш қолдануына қарсы шеру кезінде оқ атылып, 1 адам қаза тапты. Тағы 1 кісі жарақат алды. Шерушілерге қарсы кім оқ атқаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Луисвиллдегі шеру наурыздың 13-де Брионна Тейлор есімді афроамерикалықтың өліміне байланысты ұйымдастырылды. Ол кезде полиция есірткімен айналысқан күдіктіні ұстау үшін үйге кіргенде атыс болып, төсекте ұйықтап жатқан қыз тәртіп сақшыларының оғынан қаза тапқан еді.

Тегтер: өлім адам шеру