Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында су тасқыны болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттің шығысында 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ал оңтүстік-батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Су басқан аудандарда іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертті.