29.06.2020, 06:58

Қытайда су тасқынынан 40 мың адам эвакуацияланды

Фото: ашық дерек көзі
Су басқан аудандарда іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.

Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында су тасқыны болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттің шығысында 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ал оңтүстік-батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Су басқан аудандарда іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертті.

Тегтер: қытай су тасқын