Елімізде коронавирус індетінен көз жұмғандарды жерлеу ережесі өзгертілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Коронавирустан қайтыс болған науқастарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді марқұмды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез-келген зиратта жерлеуге рұқсат етіледі", - деп Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәлімдеді.