Жаңалықтар 30.06.2020 сағат 14:40

«Шенеуніктер арнасы»: Абаев Қазақстандықтарға тағы бір телеарнаны таныстырды

Оны барлық кабельдік және спутниктік теледидардан көруге болды.
«Шенеуніктер арнасы»: Абаев Қазақстандықтарға тағы бір телеарнаны таныстырды
Фото: kazlenta.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін  астанадағы Қазмедиа орталығында "Qazaqstan" телерадиокешеніне кіретін ABAI TV арнасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа арнаның ұраны – "ABAI TV арнасы – ақыл-ойдың айнасы". Оны барлық кабельдік және спутниктік теледидардан көруге болды. Жаңа арнада мәдени мұра жәдігерлері, салт-дәстүрлер мен төл туындылар, тұлғалар тарихы, Хәкім Абай шығармалары, отандық және әлемдік классика жауһарлары көрсетіледі, озық мәдениет кеңінен насихатталады.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың айтуынша, ABAI TV "шенеуніктер арнасы" болмайды.

"Зиялы қауым өкілдерімен кездесіп жүргенде мәдениетіміз бен дәстүріміз туралы бір арна керек деп үнемі айтушы еді. Осы арнаны өздеріңізге ашып отырмыз. Бұл шенеуніктердің арнасы емес, сіздердің арналарыңыз болады. Сондықтан жаңа арнаның жұмысына атсалысуға шақырамын", – деді Абаев бүгінгі салтанатты жиында.

Бұдан бөлек, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары жаңа арнаны "ABAI" деп атаудың нақты екі себебін атады.

"Жаңа арнаның "ABAI" деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы – Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасатын болады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр", – деп атап көрсетті Абаев.

Осы орайда жазушы Сұлтан Оразалин да өз құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі қиын жағдайға қарамастан халықтың көңілін көтеретін жаңа телеарнаның ашылуы – орынды іс.

"Абайдың аты өте ардақты. Сондықтан осы арнаны басқаратын және сонда істейтін қыз-жігіттердің мойынына өте ауыр жүк артылады. Сіздер Абай атын алғаннан кейін Абай атамыздың әділдігін, Абай атамыздың ойын, ғажайып жырларына тән әдемі нәзіктік пен сұлулықты, оның әндеріндегі ғажайып мелодиялардың бәрін сол биіктен көрсете білуілеріңіз керек. Соған тілектеспін!", – деді Оразалин.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар