Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) қазақстандық белсенді Әлнұр Ильяшевке қатысты шыққан сот үкімін сынады, деп жазды centralasian.org.
Ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюро директоры Ингиьёбрг Сольрун Twitter парақшасы арқылы ЕҚЫҰ-ға мүше елдердегі "құқық қорғаушылардың құқықтарын қорғауға" және "әр азаматтың құқығын сыйлауға" шақырды.
Белсенді Ильяшев 22 маусымда "төтенше жағдай кезінде жалған мәлімет таратты" деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бес жыл бойы қоғамдық және саяси жұмыстарға араласа алмайды.
43 жастағы Ильяшев биыл сәуір айында қамауға алынған. Ол әлеуметтік желі арқылы басқарушы "Нұр Отан" партиясының коррупциялық істерін сынап, коронавирус пандемиясына қарсы күресте әрекетсіздігін айтып келген.
Өткен аптада белсендіге шығарылған үкімді АҚШ мемлекеттік департаменті, Amnesty International (AI) және Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымдары сынаған.
Айтпақшы, Қазақстан ЕҚЫҰ-на 1992 жылдан бері мүше.