$ 447.4  477.55  4.76

Атырау қаласының тұрғыны дәріхананы тонап кетті

Дәріхана Азаттық даңғылында орналасқан.

Атырау қаласында дәріхана тоналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер 18 маусымға қараған түнде дәріхана тоналғанын мәлімдеді. Дәріхана Азаттық даңғылында орналасқан. Белгісіз біреу пластик терезені қысып кіріп, ноутбук пен дәрілерді ұрлаған.

Полицейлер ұрлыққа күдікті 26 жастағы ер адамды ұстаған. Қазір Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары