$ 498.34  519.72  4.85

Қойдың майының коронавирустан қорғайтыны рас па? - маман жауабы

Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматы қалалық №9 емхананың меңгерушісі Мадина Омарова қойдың майы коронавирусқа қалай әсер ететіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігер Омарованың айутынша, хаттама бойынша, медициналық қызметкерлердің қабынуға қарсы май қолдануға құқығы жоқ. Сондай-ақ, маман кезінде қойдың майы барлығына ем болғанын, бірақ қазір оның орнына басқа майлардың қолданылып жатқанын айтып өтті.

"Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған, ал қазір мұндай дамыған заманда қабынуға қарсы түрлі кремдер мен майлар бар. Хаттама бойынша бізде майларды қолдануға кеңес берілмейді", - деді ол.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 41 065-ке жетті. 188 адам қайтыс болып, 13 614 адам айықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары