01.07.2020, 18:30

«Ұзартылуы да мүмкін»: Тоқаев ертең карантинге қатысты мәлімдеме жасалатынын айтты

фото: ашық дерек көзі
Үкімет 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Презиндет Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

"Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды Мемлекет басшысы.