$ 494.87  520.65  4.91

Әлемдегі ең үлкен көлік жасап шығарылды

Бұл алыптың қуаты 4600 аттың күшіне тең.
Фото: belta.by
Фото: belta.by

Белоруссияда жасалған көлік Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды kaz.nur.kz порталы белта-ға сілтеме жасап.

Белта Салмағы 810 тонна болатын белоруссиялық алып БелАЗ жүк көлігі ең үлкен көлік ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл алыптың қуаты 4600 аттың күшіне тең.

Айта кетейік, әлемдегі ең ысырапшыл автокөлік ретінде – Bentley Meteor саналды. Бұл 100 шақырымға 117 литр жанармай тұтынатын 850 аттың күшінен тұратын ұшақ қозғалтқышы бар тәжірибелік модель.

Ал ең ұзын көлік– отыз метрлік лимузинге айналған Cadillac Eldorado. Көлікте 50 орын бар.

Ең жылдам көлік – Shelby Supercars Ultimate Aero TT, ол сағатына 411 км жылдамдыққа дейін жүйітки алады. Оның қозғалтқышының қуаты 1287 аттың күшіне тең. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары