$ 498.34  519.72  4.85

Карантин кезінде ашық аспан астындағы нысандар қызметі тоқтамайды

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

5 шілдеден басталатын 14 күндік карантинде бірқатар нысан жұмысын жалғастырады. Мұндай шешім бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметі сақталады:

ашық аспан астында қоғамдық тамақтану нысандары;

үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары;

ашық аспан астындағы құрылыс жұмыстары;

ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;

халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер.

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин