ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде қалалар арасында блокбекеттер болмайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Жүріп-тұруға ешқандай анықтамалар керек емес. Қалалар мен өңірлер арасында блокбекеттер орнатылмайды. Тек өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды", – деді Е. Тоғжанов.