$ 498.34  519.72  4.85

Тасқын су қостанайлықтарды тығырыққа тіреді

Қостанайлықтар да қызыл судың астында қалды. Қыстай жауған қалың қар еріп қала тұрғындарын әбігерге салуда деп жазады KTK.

4 күннен бері тасқын аулаларды басып, үйлердің ішіне дейін толып кеткен. Ал тұрғындар төтенше жағдай қызметкерлерінің сылбыр қимылына наразы. Өйткені құтқарушылар суды сорғызып, арықтарды ашуға құлықсыз. Құзырлы орындардың да өз уәждері бар. Айтуларынша, қауіпті аумақтарды күндіз-түні күзетіп жатыр екен. Тіпті құм толтырылған қаптарды дайындап, тасқынға төтеп беруге сақадай сай екенін жеткізді.

Геннадий Колчанов, Қостанай қалалық әкімдігінің бас маманы:

-Су басу қаупі әлі сейілген жоқ. Себебі қыста қар қалың түсті. Бірақ тұрғындар өз аулаларындағы қарды дұрыс тазаламады. Сондықтан ол күн жылынысымен еріді. Енді осының зардабын тартып жатырмыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары