$ 494.87  520.65  4.91

Итті азаптаған атыраулыққа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды (ВИДЕО)

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видео қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды.

Ал желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.

"Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды", - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

"Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жануар