03.07.2020, 14:40

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі COVID-19-бен қалай күресіп жатыр?

Қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Елжан Аманбайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шығып, қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, коронавирустан емделіп жатқан Елжан Біртанов министр қызметінен босатылған болатын.

Еске салайық, 14 маусымда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды. Диагнозы - пневмония.