Жаңалықтар 03.07.2020 сағат 15:40

Тұрғындарды қаржы пирамидасына үгіттеп, ақша салдыртқан алаяқ ұсталды

Бейтаныс әйел әуелде "қосымша табыс табуға көмектесемін" деп сенімдеріне кіріп алған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысында тұрғындарды қаржы пирамидасына үгіттеп, ақша салдыртқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растап отыр. Олардың дерегінше, күдікті 11 сарыағаштық тұрғынды 3,5 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен. Оқиғаның өзі өткен көктемде болыпты.

Бейтаныс әйел әуелде "қосымша табыс табуға көмектесемін" деп сенімдеріне кіріп алған. Қажетті сомманы қалтасына басқан соң, ізім-ғайым жоқ болыпты. Алданып қалғандар полицияға арызданды. Құзырлы органдар істі «алаяқтық» бабымен тергеп, күдіктінің 11 іске де қатысы бары анықтап отыр.

"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол 2009 жылы бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Бұлтартпау шамасы қолхатта. Қазіргі таңда оған қатысты ҚК-тің 190-бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жалғасып жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады", - дейді Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар