Белгілі академик ғалым, мемлекеттік тілдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Рәбиға Сыздық қайтыс болды. Ол туралы бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының facebook парақшасына жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгін түнде қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық дүниеден өтті.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы Рәбиға Сәтіғалиқызы отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады» делінген хабарламада.