$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустың тағы бір жаңа белгісі анықталды

Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді.
Фото: jana-kezen.kz
Фото: jana-kezen.kz

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус ауыз қуысына зақым келтіруі мүмкін. Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған.

Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді.

Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары