Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz-ке сілтеме жасап. Коронавирус ауыз қуысына зақым келтіруі мүмкін. Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған.
Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді.
Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.