09.07.2020, 16:20

«Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын»: Ақерке Бүркітбай сүйіктісіне «иә» деп жауап берді (ФОТО)

Фото: Instagram/akerkeburkitbay
Оның үстіне Ақерке мен Әли кеше ғана белгілі телепродюсер Тимур Балымбетовтың некелесуінде жігіт жолдас пен қыз жолдас болып қайтқан.

"Асыл" тобының мүшесі, әнші Ақерке Бүркітбай сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісімін берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақерке Бүркітбай қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасындағы оқырмандарымен бөлісуді ұйғарыпты.

Жүзік тағылған суретін жүктеген ол қалыңдық атанғанын жария етті.

Желі қолданушылары Ақеркенің өзі секілді шоу бизнес өкіліне тұрмысқа шығуға келісім берген деп тон пішіп жатыр. Олар Ақерке Бүркітбайдың таңдауы Әли Оқаповқа түскеніне сенімді.

"Әйтеуір жеттік осы күнге, Әли Ақерке бақытты болыңдар" , "Роза Рымбаеваның су жаңа келіні" , "Әлимен шын бақытты бол", "Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын" , "Қанша жыл жасырып келдіңдер. Халық бәрібір біледі ғой. Әли екеуің шынымен жарасымды жұпсыңдар" , - деп жарыса пікір қалдырды олар.

Оның үстіне Ақерке мен Әли кеше ғана белгілі телепродюсер Тимур Балымбетовтың некелесуінде жігіт жолдас пен қыз жолдас болып қайтқан. Олар достарының қуанышына арнайы бірдей киім тіктіріп, ел назарын өздеріне аударды.

Қызығы, Ақерке Бүркітбай аталмыш мерекелік шара өткен күннің кешінде сүйіктісіне "иә" деген болатын.