Жаңалықтар 09.07.2020 сағат 16:40

Коронавирус кезінде не жеуге болмайды? - дәрігер жауабы

Ал коронавирус кезінде тіпті зиян келтіруі мүмкін.
Коронавирус кезінде не жеуге болмайды? - дәрігер жауабы
Фото: kyzylorda-news.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ем алу кезінде қойдың құйрық майы мен иттің майын қолдануды ұсынып жатыр. Мұндай тәсілдің қаншалықты тиімсіз әрі қауіпті екенін Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев түсіндірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Майды ас ретінде қолдануға болады. Бірақ ол еш нәрсені емдемейді. Ал коронавирус кезінде тіпті зиян келтіруі мүмкін. Себебі ол холестеринді көтеріп, қанның басқа компоненттерін арттырады. Майлы тағамдар қанның қоюлануына әсер етеді", - деп түсіндірді Гриднев.

Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясы бар науқастарға қанды сұйылтуға арналған дәрілер (антикоагулянттар) тағайындалатынын еске салды.

Бұған дейін Ресейдегі Киров атындағы әскери-медициналық академияның мамандары коронавирус кезінде асқазан-ішек жолдары ауруы кезіндегідей диета ұстауды ұсынды.

Коронавирус жұқтырған науқастарға сүт, бидай өнімдерін, ащы тағамдар мен тәттілер, майлы, тұздалған, сүрленген тағам, ұн өнімдері мен консервілерді пайдалануды азайту керек.

Науқастарға ботқа, сүзбе, көкөніс, майы аз тауық еті, балық секілді жеңіл тағамдар жеу керек.

Айта кетейік, қазақстандықтар бұған дейін вирустан сауығу үшін зімбір мен соданы қолдануды ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар