10.07.2020, 09:40

Елімізде өткен тәулікте 2000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды (ФОТО)

Фото: aa.com.tr
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 54747.

Қазақстанда өткен тәулікте 1726 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 936 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 180 / 89 Алматы қаласы - 217 / 73 Шымкент қаласы - 49 / 22 Ақмола облысы - 34 / 27 Ақтөбе облысы - 49 / 27 Алматы облысы - 108 / 68 Атырау облысы - 336 / 229 Шығыс Қазақстан облысы - 121 / 52 Жамбыл облысы - 48 / 38 Батыс Қазақстан облысы - 99 / 39 Қарағанды облысы - 120 / 68 Қостанай облысы - 121 / 78 Қызылорда облысы - 63 / 30 Маңғыстау облысы - 52 / 51 Павлодар облысы - 52 / 15 Солтүстік Қазақстан облысы - 50 / 19 Түркістан облысы - 27 / 11

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 54747.