10.07.2020, 11:20

Ақтаулықтар коронавирусқа қарсы көшелерді адыраспанмен аластап жатыр (ВИДЕО)

Фото: stan.kz
Видеодан әжейлердің отқа құйрық май тастағын да көруге болады.

Ақтау қаласының тұрғындары от жағып, көшелерді адыраспанмен аластап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақтаулық әжейлердің отқа құйрық май тастағанын да көруге болады.

"Апаларымыз құйрық майды отқа тастап жатыр, ем болсын деп", - дейді видео авторы.