Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс шараларда Үкімет пен жергілікті әкімдіктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
"Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.